Президенттің өңірлерге жұмыс сапары барысында, аймақтарды дамытуға қатысты өзекті мәселелерді көтергені көптің көңілінен шығып отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев қайнаған еңбектің ортасында жүрген қазақстандықтарға ел дамуына қосқан орасан үлесі үшін әрдайым ризашылық білдіріп келеді. Мемлекет басшысы еңбек қауіпсіздігін нығайту, жұмысшылардың әл-ауқатын жақсарту жайын да үнемі назарда ұстайды.
Руслан Нұрланұлы