Елімізде 11 мың мемлекеттік қызметшінің қарызы бары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 11 мың мемлекеттік қызметшінің қарызы бары анықталды

05.10.2022

Жалпыға бірдей декларацияның алғашқы кезеңі бойынша 11 мың мемлекеттік қызметші, оларға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайының табыс салығына 759 млрд теңге қарызы бары анықталды. Мемлекеттік кірістер комитеті салық қарызы декларацияны қате толтыру салдарынан пайда болғанын хабарлады. Кіріс пен мүлік туралы есепті талдай келе, бұл азаматтар бюджетке төленетін жеке табыс салығының мөлшерін қате көрсеткен. Мамандар қате түзелмеген жағдайда жеке сот орындаушылардың банктік шотты жабуы мүмкін екенін ескертеді. Былтыр қаңтарда басталған жалпыға бірдей декларация 4 кезең бойынша жыл сайын іске асады. 2025 жылға қарай барлық азамат табысы, мүлкі туралы мәлімет беруге міндетті.  

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу