Елімізде 1,5 млн адам несиесін төлей алмай жүр. Оның ішінде микро қаржы ұйымдарына берешегі барлардың саны жарты миллионнан асып жығылады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутат Юрий Ли айтты. Борышкерлердің қарызды төлеу мерзімі 90 күннен асып кеткен. Юрий Ли қарыз алған 10 адамның төртеуі несиесін өтей алмай отырғандығын жеткізді. Микроқаржы ұйымдарында кредитін төлей алмай жүргендердің үлесі жалпы қарыздың 37 пайызын құрайды. Несие нарығындағы олқылықтарды жоюға Сыбайлас жемқорлықпен күрес және Мемлкеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктер де атсалысуы тиіс дейді депутат.
Юрий Ли, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Қаржы нарығын реттеу агентітгі микро қаржы ұйымдарындағы барлық қарыздар бойынша тексеру жүргізу қажет деп есептейміз. Коллекторларға өтіп кеткен несиелерді де мұқият қарау керек. Коллекторлық агенттіктерге Жарғылық капиталын жасақтауға қатаң талаптар қою қажет. Борышкерлермен жұмыс делдалсыз, ашық жүргізілуі тиіс.
Дарын Сағитов