Қ.Тоқаев: Қарағандыдағы өндіруші компаниялар жіті бақылауда болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ.Тоқаев: Қарағандыдағы өндіруші компаниялар жіті бақылауда болады

05.10.2022

Қарағанды облысының өндірістік кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі сын көтермейді. Мысалы, тек 2022 жылы «Арселор Миттал Теміртау» нысандарында жұмысшылар қайтыс болған бірнеше оқиға тіркелді. Мемлекет басшысы облыс жұртшылығымен кездесу барысында осылай деді. Президенттің сөзінше, өндіруші компаниялардың қызметі жіті бақылауда болып, капиталды шетелге заңсыз шығаруға жол берілмейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Мемлекет елімізде жұмыс істейтін барлық ірі өндіруші компаниялардың қызметін өте жіті бақылайды. Біз капиталды шетелге заңсыз шығаруға жол бермейміз. Олардың түрлі әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруын қадағалап отырамыз. Өндірісті жаңғырту үдерісіне, экологияны қорғау ісіне ерекше назар аударылады. Салық төлемақысы ерекше бақылауда. Егер ірі өнеркәсіп кәсіпорындары бұл талаптарға сай келмесе, біз серіктестікті тоқтатуға мәжбүр боламыз. Қазақстанда олигархтық капитализмнің заманы өтіп, ел азаматтарының алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін кезең жетті.

Саламат Омаш


Хабарламаларға жазылу