Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағандының жылу мәселесін шұғыл шешуді тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағандының жылу мәселесін шұғыл шешуді тапсырды

05.10.2022

Президент Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында аймақты дамытудың басымдықтарын айқындады. Оның біріншісі - өңдеу өнеркәсібін қолдау. Екінші басымдық - өңірдің транзиттік-тасымал әлеуетін арттыру. Мемлекет басшысы облыс жұртшылығымен кездесуі кезінде моноқалаларды дамыту, экологиялық жағдайды жақсарту мәселесіне де тоқталды. Өнеркәсіп кәсіпорындарда қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге баса назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағандының жылу мәселесін шұғыл шешуді тапсырды. Қалада сақалды құрылыс та жетеді. Тұрып қалған нысандарды тездетіп аяқтау керек. Облыста жол мәселесі де өзекті. Орталық – Оңтүстік көлік дәлізі Балқаш қаласы арқылы өтеді. Бірақ, жолдың құрылысы өте баяу. Мемлекет басшысы мерзімнің қайта-қайта кейінге шегерілуін сынға алды. Үкіметке «Қарағанды – Балқаш» және «Балқаш – Бурылбайтал» тас жолын келесі жылы салып бітіруді тапсырды. «Қарағанды – Жезқазған» күре жолы да жылдар бойы жөндеу көрмеген. Бұл барыс келісті қиындатып отыр. Әрі жаңадан құрылған Ұлытау облысын дамытуға кедергі. Тоқаев жолды жөндеуді келер жылдан қалдырмай бастауды жүктеді.

Асима Нұрбайқызы


Хабарламаларға жазылу