Кванттық механика саласындағы зерттеулері үшін Физика бойынша Нобель сыйлығы үш ғалымға берілді. Француз Ален Аспет, америкалық Джон Клаузер мен австриялық Антон Цайлингер субатомдық бөлшектердің мінез-құлқын зерттеген. Бұл еңбек болашақта жаңа қуатты супер компьютерлерді, шифрлы байланысты дамытуға жол ашпақ. Бұған дейін медицина саласында Нобель сыйлығы швециялық генетик Сванте Паабоға бұйырды. Енді осы апта соңына дейін химия, әдебиет және бейбітшілік саласында марапаттар беріледі. Ал жүлдені табыстау рәсімі желтоқсанда Швеция мен Норвегияда өтеді.
Арай Төлегенқызы