Елордада «Art angels» атты креативті жобалар жәрмеңкесі өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Art angels» атты креативті жобалар жәрмеңкесі өтіп жатыр

04.10.2022

Елордада «Art angels» атты креативті жобалар жәрмеңкесі өтіп жатыр. Мұнда жастар 14 сала бойынша өз идеяларын ортаға салды. Тақырыптары сан алауан. Интеллектуалды шығармашылықты дамыту, ютуб арна жүргізу, ІТ жүйелер, урбанизация, білім, түрлі зертхана жұмыстары көпшілікке таныстырылды. Мұндай шара елімізде алғаш ре өтіп отыр. Жәрмеңке кешке дейін жалғасады. Креативті жастарға демеушілер де табылып қалуы мүмкін. Өйткені, жиынға жоба авторларынан бөлек, жеке инвесторлар мен ірі компания жетекшілері қатысты.

Зарина Құтпанова, «D C Lab» зертханасының меңгерушісі:

Дизайнерлерді, суретшілер, моушен дизайнерлерді қолдау мақсатында біз осындай түрлі жобаларға қатысып жатырмыз. Осындай жобаларды жүзеге асыруға бәріңізді шақырамыз. Өйткені, бұл жобалар біздің Қазақстанымызды елімізді дамытып, ең бастысы креативті индустрияны дамыту үшін зертханада жұмыс жасап жатырмыз.


Хабарламаларға жазылу