Үкіметтік емес ұйым өкілдері Президент Жолдауын талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкіметтік емес ұйым өкілдері Президент Жолдауын талқылады

04.10.2022

Азамат-бизнес-мемлекет. Бұл Президент Жолдауында айтылған үштаған. Ілгерілетуді қажет етіп отырған қатынастар. Елордадағы «Кәсіподақтар федерациясында» осы тақырып талқыланды. Диалог алаңына үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық кеңес, кәсіподақ өкілдері және белсенді жастар қатысты. Азаматтардың жақсы өмір сүріп, саяси сауатты болуы үшін қоғамдық институттардың маңызы жоғары, дейді мамандар.

Камал Түзелбаев, «Белсенді азамат» қоғамдық қорының төрағасы:

Барлық Қазақстан бойынша қоғамдық кеңестердің үшінші шақырылымы жұмыс істеп жатыр. Қазіргі таңда олардың ары қарай дамуына, қоғамдық бақылауды орнына қойып, соған азаматтарымызды, кәсіпкерлерімізді осыған тартып, ұштастырып мемлекеттік органдармен жұмыс істеуге бет бұрып отыр. Сондықтан біз оны ары қарай алға жылжытамыз деп ойлаймыз.


Хабарламаларға жазылу