«Президент өкілеттілігін қайта сайланусыз 7 жылдық мерзіммен шектеу – Қазақстанның демократиялық бағытты берік ұстанғанының дәлелі». Еліміздегі реформаларды жіті бақылап отырған еуропалық сақа саясаткерлер осылай дейді. Сарапшылардың пайымынша, Президент мандатын 7 жылдық бір мерзіммен шектеу-саяси бәсекелестікті арттырады. Әрі саяси өзгеріс - «Тыңдайтын мемлекет» тұжырымдамасы мен азаматтық қоғамды дамытуға зор мүмкіндік, дейді сарапшылар.
Норбер Жустен, 2008-2011 жж Еуропалық одақтың Қазақстандағы елшісі, саясаткер:
Қазіргідей Еуропаны, әлемді тұрақсыздық жайлаған уақытта Президент Тоқаевтың елдің демократиялық бағытта дамуы үшін тың бастама көтеруін құптаймын. Мұндай тәжірибе әлемнің өзге елдерінде де бар. Сондықтан, әр ел өзіне қолайлы бағытты таңдағаны дұрыс.
Жан де Брабандер, Брюссельдегі Дипломатиялық академияның сарапшысы:
Президенттің өкілеттілігін жеті жылға ұзартқан тиімді. Себебі, АҚШ-ты алсақ, сайлау әр төрт жыл сайын өтеді. Бұл тым қысқа уақыт. Ештеңе істеп үлгере алмайсың. Ал, жеті жыл тың жобаларды жүзеге асыруға жеткілікті. Әрі қазақта жеті-киелі сан екенін білеміз. Сондықтан, мен осы сайлаудан көп үміт күтемін, әрі байқаушы ретінде қатысудан үміттімін.
Нұрсұлу Қасым