Павлодарда ұстаздардың орнына емтихан тапсырумен айналысқан азамат ұсталды. 28 жастағы күдікті бұған дейін өзі де мұғалім болған. Ол бұрынғы әріпстестеріне Ұлттық біліктілік тестілеу сынағынан сүрінбей өткіземін деп жарнама берген. Осы қызметіне 60 мыңнан 100 мыңға дейін сыйақы белгілеп, ақшаны алған соң уәдесін орындамаған. Қазіргі уақытта оның үстінен полицияға 108 арыз келіп түскен. Ал алаяққа барлығы қанша адам алданғаны әзірге белгісіз. Сотқа дейінгі тергеу басталды.
Серік Селеубай