Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысып, 5 адам көз жұмды. Жантүршігерлік оқиға Шымкент-Самара трассасында болған.
Тағы төрт жолаушы түрлі дене жарақатын алып, аудан орталығындағы ауруханаға жеткізілген. Қатты жылдамдықпен келіп, бетпе-бет соқтығысқан жеңіл көліктің сау тамтығы қалмаған. Ал автобустың кабинасы жапырылған. Қылмыстық іс қозғалды.
Әділбек Серікұлы