Көмір бағасының негізсіз өсуіне жол берілмейді - Әлихан Смайылов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көмір бағасының негізсіз өсуіне жол берілмейді - Әлихан Смайылов

03.10.2022

Көмірдің бағасын заңсыз өсірмеу үшін бірқатар шаралар қабалданбақ. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов кеңес отырысында айтты. Қара алтынның құнын шарықтатпау мақсатында оны үздіксіз тасымалдау мен автомобиль көлігімен елден тыс жерлерге әкетуге 6 айға шектеу қойылады. Сондай-ақ, көмірді танымал маркетплейстер мен мен банк қосымшалары арқылы өткізу жолдары қаралып жатыр. Бұл тәсіл көмір сатылатын орындарда кезектерді азайтуға мүмкіндік береді.

Ламбриан Топузидис


Хабарламаларға жазылу