Қарағандыда Достық үйі ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда Достық үйі ашылады

02.12.2014
Қарағандыда Достық үйі ашылады

Қазыбек би аудандық әкімдігіне деп салынып жатқан жаңа ғимаратты облыс басшылығы осындай мақсатта пайдалануға бермек.

2015-жылдың тамыз айында жаңа нысанда 30 бірлестіктің өкілдері орналаспақ.

Мекемеде 400 орындық жиын залы мен 100 адамға арналған конференция залы бар.

«Бұл өзге ұлт өкілдерінің мәдени әрі рухани байланыста жұмыс істеуіне мол септігін тигізбек», дейді жергілікті билік өкілдері.

Айта кетейік, кеншілер шаһарындағы бұрынғы Жасөспірімдер мен балалар сарайының ұжымы да енді осы Достық үйіне көшірілмек.

Ғимаратты қайта өзгерту үшін 2015 жылы қала бюджетінен 600 миллион теңге бөлінеді, деп жоспарланған.

Асылбек Дүйсебаев, облыс әкімінің бірінші орынбасары:

Салынып жатқан аудандық әкімдік ғимаратын Достық үйі деп өзгертуіміздің негізгі себебі бар. Елбасы алдағы жылды «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» деп атады. Облысымызда мұндай орталық бұрын-соңды болған жоқ. Қазір ғимараттың  сметалық құжаты өзгертіліп жатыр. Достық үйі алдағы жылдың тамыз айында пайдалануға беріледі. 

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу