Премьер-министр сондай-ақ, көші-қон мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Әлихан Смайылов Ресеймен шекарадан қазақстандықтардың кедергісіз өтуі үшін жеке жол жолақтары бөлінетінін айтты. Жекелеген өткізу пункттерінде кезек болмас үшін көрші елдің шекара қызметімен өзара іс-қимылды күшейтіп, адамдар жиналып қалмауы үшін бірыңғай алгоритм әзірлеу қажет, деді Үкімет басшысы.
Сондай-ақ жүк және жеңіл көліктердің өтуін жеделдету үшін шекарадағы өткізу пункттерін кеңейту жөнінде шара қабылдау қажеттігін атап өтті. Әлихан Смайылов мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге көші-қон жағдайын реттеу бойынша кешенді және тиімді шаралар қабылдауды тапсырды.