Қазақстандағы саяси реформалар - халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Президент басқару институтын жаңартуды ТМД мемлекеттері арасында алғашқы болып қолға алды. Ресейлік сарапшылар пікірі осылай. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы қазіргі турбулентті кезеңде стратегиялық міндеттерді шешуге мүмкіндік беріп, саяси тұрақтылықты нығайтады, дейді сарапшы.
Иван Сафранчук, сарапшы:
Қазақстан – азаматтардың пікірін ескеру, халықтың жағдайын жақсарту бойынша алда келе жатыр деп ойлаймын. Әлеуметтік салаға баса көңіл бөлінгені қуантады. Бұл – алға қойылған мақсаттарды толыққанды іске асыруды қамтамасыз етеді.
Индира Бегайдар