Президентке қастандық жасамақ болған азамат 17 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президентке қастандық жасамақ болған азамат 17 жылға сотталды

01.10.2022

Президентке қастандық жасамақ болған азамат 17 жылға сотталды. Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыға осындай үкім шығарды. Сот отырысы жабық өткен. Қылмыстық кодекстің 58-бабы 4-бөліміне сай оған жалпы жиыны 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол осы уақытты қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу мекемесінде өткізеді. Еске сала кетсек, наурызда елордада ел Президенті мен лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге қастандық жасауды жоспарлаған шетел барлау агенті ұсталған. 

Хабарламаларға жазылу