Украинада зымырандық соққыдан 23 адам мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинада зымырандық соққыдан 23 адам мерт болды

30.09.2022

Украинаның оңтүстігіндегі Запорожье қаласының шетінде бейбіт тұрғындар мінген көліктерге Ресей әскері зымырандармен соққы бергенде кемінде 23 адам қаза тапты. Тағы 28-і жараланған. Мұны осы аймақтың губернаторы Александр Старюк хабарлады. Оның сөзінше, адамдар ресейліктер басып алған аудандағы туыстарына бару үшін өткізу пункті жанында кезекте тұрғанда шабуылға ұшырады.

Мәскеу болса, Украинада азаматтық нысандарға әдейі шабуыл жасады деген мәліметтерді үнемі жоққа шығарып келеді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу