Тараздағы базарда тұтанған өрт толық сөндірілді. Қазір құқық қорғау қызметкерлері тергеп тексеру жұмыстарын бастады. Кәсіпкерлердің шығыны есептеліп жатыр.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, қызыл жалын «Береке» базарының асханасы мен сауда дүңгіршегінен басталған. Таңғы сағат 7-ден аса күшейген өрт, қою қара түтінге ұласты. Мамандардың айтуынша 22 сауда орны күлге айналған. Қызыл жалын жалпы алғанда 600 шаршы метірдей аумаққа жайылған. Ал тауарымыз өртеніп, қып-қызыл шығынға баттық деген кәсіпкерлер мемлекеттен жәрдем болса деп үміттеніп отыр.
Қарлығаш Шангетова, кәсіпкер:
Жартысын шығарып үлгердік. Көбінесе кілемшелердің бәрі толық жанған. Бұнды былай қалдыруға болмайды. Басшылық енді бәрін есептеп қарастыратын шығар.
Жомарт Бекболат, Облыстық ТЖД бөлім басшысы:
Жалпы өртті сөндіруге Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің 13 бірлік техникасы, 56 бірлік адам жеке құрамы қатысты. Өрт 8 сағат 30 минутта оқшауланып, 9:14-те толығымен жойылды.
Нұрдос Сембекұлы