Елордадан жолға шыққан шабандоздар 1200 шақырымды бағындырды. Әр командадан марафон-бәйгеге бес сәйгүлік қосылды. Олар күніне 100 шақырымды бағындырып, 600 шақырымнан кейін аттарды ауыстырып отырды. Сайыстың соңғы күні 4 команданың жүйріктері мәре сызығын кесті. Ұлттық спортты ұлықтаған шабандоздарды жанкүйер қауым ыстық ықыласпен қарсы алды. Биыл алғаш рет өткен марафон-бәйгеде қазақтың қазанатын дәріптеген жеңімпаздар Түркістанда марапатталды. Командалық есеп бойынша Маңғыстаудың «Көкмойнақ» командасы бас бәйгені алды. Ұзақ жолға мойымаған шын мықтылар 24 млн теңгенің сертификатын иеленді. Екінші орын Жетісу өңірінің командасына бұйырды. Олар 12 млн теңге ұтып алды. Ал Түркістан облысы «Теріскей» командасының шабандоздары 9 млн теңге сыйақыны қанжығаға байлады. Жарысты ұйымдастырушылар ұлттық спортты жаңғырту арқылы халықтың рухын көтеруге болатынын айтады.
Нұрсаған Дәулетұлы, Маңғыстаулық шабандоз:
12 күн 1200 шақырымды атпен жүрім ету оңай мүмкін емес. Оны мен қазір сразу жеңл өттік десем өтірік болады. Талай ата-бабамыздың жүріп өткен жерін сезінгендей болдық шынымен де. Тарихтың бір бөлшегінде қалдық деп есептейміз өзімізді. Қуаныштымы, Аллаға шүкір. Аттарымыз аман-есен келді. Жеткізді.
Асхат Оралов, «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы:
Елордамыздан тура 20 команда бастаған болатын. Өкінішке орай қазір міне ертүріктің бесігі киелі Түркістан қаласына 10 -нан аса аймақтың өкілдері келіп жетті. Бір жыл бойы біздің шабандоздарымыз дайындалып, бізді мүмкіндік жасап, қолдау беріп, келесі жылға осы жобаны жалғастыратын кезде біздің 20 командамыз толық өз мәсерісне жетеді деген күмән жоқ
Айнұр Ақбаева