Жастар Ұлытау өңірінің экологиясын жақсартуға ат салыспақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жастар Ұлытау өңірінің экологиясын жақсартуға ат салыспақ

30.09.2022

«Тұрақты даму» Жер қоры қоғамдық жастар бірлестігі осы бағыттағы жобаларды қолға алды. Қор жетекшілері Ұлытауға өңірінің жастарымен жүздесті. Өңірде қандай экологиялық, әлеуметтік және экономикалық проблемалар барын анықтады. Бастаманы Біріккен Ұлттар ұйымы қаржыландырады. Үздік жобаларға 1 млн теңгеге дейін қайтарымсыз грант беріледі. Аймақта су тапшы, әрі сапасы сын көтермейді. Салдарынан жер құрғап жатыр. Әзірге 2 жобаға қаржы құю көзделген. Бірі- Қаражал қаласындағы аумақты көгалдандыруға бағытталған жоба. Екіншісі - Ұлытау ауылында тартылып жатқан тоған маңайына ылғалды ұстап тұратын ағаш отырғызу. «Тұрақты даму» жер қоры жастар қоғамдық бірлестігі экологиялық, әлеуметтік- экономикалық проблемаларды шешуге бағытталған жобаларды қолдап, Ұлытау облысына инвесторлар тартумен айналысады.     

Ыдырыс Көзайдаров, «Тұрақты даму» жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі: 

Қоқысты тастамай, қаламыздың барша тазалығына ат салысу мақсатында өткізді. Біздің құрып жатқан қоғамдық бірлестігіміз әртүрлі бағытта жұмыс жасайтын болады. Жастардың бағытында болсын, волонтерлік бағытта болсын, жастарды қолдау бағытында болсын, кәсіпкерлікті үйрету осы бағытта біз алдағы уақытта жұмыс жасайтын боламыз.


Арыстан Рысбек



Хабарламаларға жазылу