Елордаға келген Technodom Operator холдингінің негізін қалаушы – Эдуард Ким Қазақстанда жүзеге асатын цифрлық экожүйені таныстырса, Тикток вице-президенті Тео Бертром біздің елде Тикт-Ток желісінің кеңсесін ашатынын айтты. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі бүгін компания өкілдерімен кездесті. «Қазмедиа» орталығына келген Тео Бертром журналистерге сұхбат берді.
Тео Бертром, Tiktok вице-президенті:
Қазақстан аумағында тиктоктың таралуы өте жақсы әрі қолданушылар креативті. Осы ерекшеліктерді ескере отырып, аумақта кеңсемізді ашамыз. Әрі ол жақын арада жүзеге асады деп үміттенемін.
Асима Нұрбайқызы