Иранның революция сақшыларының корпусы - Ирактың солтүстігіндегі Күрдістан аймағына дрондармен соққы беріп, 9 адамды мерт қылды. Тағы 32 тұрғын жараланған.
Тегеранның мәлімдеуінше, бұл өңірдегі күрдтердің қарулы жасақтары - Ислам Республикасында болып жатқан көтерілістерге қатысы бар. Ирак сыртқы істер министрлігі болса, пилотсыз аппараттармен жасалған шабуылдарды айыптап, Иран елшісін шақырып алып, оған мемлекеттің егемендігіне қол сұғылғанын ескертпек.
Айта кетсек Иранда 22 жастағы күрд қызы - полиция бөлімшесінде қайтыс болғаннан кейін басталған наразылық шерулері қақтығысқа ұласып, ондаған адам қаза тапты.
Арыстан Рысбек