Халық пікірі: Демократиялық өзгерістер дамуға жол ашады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халық пікірі: Демократиялық өзгерістер дамуға жол ашады

29.09.2022

Президент Жолдауының негізгі ережелері, жаңа саяси дәуірді айқындайтын бастамалар - Жезқазғанда талқыланды. «Sarap» эксперттік клубының аймақтық отырысын - ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» ұйымдастырды. «Жаңа саяси дәуір: ашықтық, әділдік және өзара сенім» деген атаумен өткен шараға - саясаттанушылар, сарапшылар мен қоғам қайраткерлері, депутаттар және белсенді жастар қатысты. Елдің даму жолын айқындап берген басты құжатты жүзеге асырудың түрлі аспектілері бойынша пікір алмасты. Жаңадан құрылған Ұлытау облысының экономикалық, мәдени һәм әлеуметтік даму мүмкіндіктері де сөз болды.

Бауыржан Серікбаев, Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы, саясаттанушы:

Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалардың барысы, елімізде болып жатқан өзгерістер, әлеуметтік реформалар қалай әсер етеді және де мынау жаңадан құрылып жатқан облыс болғаннан кейін бұл жерде халықтың көңіл-күйі қандай, жергілікті қандай мәселелер бар, елді толғандырған қандай мәселелер бар, әлеуметтік сала болсын, жол саласы болсын. Соның барлығын сараптап, саралап, қоғамдық пікір тудыру, қалыптастыру. Белгілі бір ұсыныстар болатын болса оны Астанада эксперттерге, тиісті органдарға жеткіземіз.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу