Ақтөбеде қой жүнінен құрылыс материалын жасайтын зауыт салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде қой жүнінен құрылыс материалын жасайтын зауыт салынады

29.09.2022

Ақтөбеде қой жүнінен құрылыс материалын жасайтын зауыт салынады. Тың жобаны италиялық компания қаржыландырмақ.

Жыл сайын тек Ақтөбе облысында 3 жарым мың тоннадай қой жүні қоқысқа кетеді. Яғни сұраныс жоқ. Ал келесі жылы ашылуы тиіс зауытқа-- шаруалар оны өткізе алады. Әр ауданда жинақтау пункттері ашылады. Инвестициялық жоба құны - 10 миллион евро. Облыс басшылығы бастамаға барынша қолдау білдіруге уәде берді. Зауытта кемінде 20 адам еңбек ететін болады.

Люка Куерчи, инвестор:

Қазақстанда шикізаттан тапшылық болмайды. Біз негізінен жылу оқшаулағыш материалдар шығарамыз.Ол үйдің төбесін, қабырғасын жылытуға қолданылады. Бұл екі жаққа да тиімді жоба болады деп сенемін.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу