Қызылорда облысында 42 келіден астам кептірілген «марихуананы» көлігімен тасымалдаған екі адам ұсталды. 45 жастағы жүргізуші мен 32 жастағы жолаушыға қатысты қылмыстық іс қозғалып, уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Жол-патрульдік полициясының қызметкерлері «Шымкент-Самара» тас жолының - Қармақшы ауданы тұсында жол ережесін бұзған темір тұлпарды тоқтатқан. Күдік туғызған көлікті жіті тексеру барысында - 10 қапқа салынған «кептірілген марихуана» айғақ зат ретінде алынды. Есірткі зат екені сараптама қорытындысымен нақтыланған. Ірі көлемде есірткімен тұтылғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Әділбек Серікұлы