Қазақстандық суретші Кәріпбек Күйіковтің еңбектері Франция жұртшылығына ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық суретші Кәріпбек Күйіковтің еңбектері Франция жұртшылығына ұсынылды

29.09.2022

Ерекше талант иесінің көрмесі Париждегі Қазақстан елшілігінде, Франция сенаты мен Страсбургтегі Еуропа кеңесінде өтті. Кәріпбек Күйіков Семей полигонынан жүз шақырымдай жерде орналасқан Егіндібұлақ ауылында дүниеге келген. Екі қолы жоқ азамат өз туындыларын тіспен, кейде башпайларымен салады. Суреттері арқылы ол аждаһа қарудан азат болуды, Қазақстанның антиядролық ұстанымын насихаттап жүр. Кәріпбектің Францияға сапары мен көрмесін ұйымдастыру үшін, осы елдегі қазақстандықтар қаржылай қолдау көрсеткен. 

Брис Массекс, көрмеге келуші:

Аударма еркек. Көрме менің жан дүниемді дүр сілкіндірді. Ядролық қауіп мәселесі қазір өте өзекті. Ядролық сынақтың зардабы осынша ауыр болатынын, халыққа қандай қасірет әкелетінін ойланбаймыз. Бұл көрме адамзатты ізгі ойларға жетелейді деген үміттемін. 

Эсма Шамсани, көрмеге келуші:

Аударма қыз. Суреттер қатты толқытты. Позитивті көріністер, жаныңды жадыратқанмен, бомба, қираған, қасірет шеккен азаматтардың бейнесі көңіліңді құлазытады. Әлемде тек бейбітшілік болсыншы.

Хабарламаларға жазылу