Оралда пара алған шенеунік 11 жылға бас бостандығынан айырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда пара алған шенеунік 11 жылға бас бостандығынан айырылды

29.09.2022

Қалалық құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы екі жыл бұрын мердігерден жаңадан салынған тұрғын үйді еш кедергісіз қабылдап алу үшін 170 млн теңге пара талап еткен. Кейін сыбайласы арқылы 130 млн теңге алған. Қалғанына жаңа трактор сатып алып беруді сұраған. Сот барысында бұрынғы бөлім басшысынан мемлекет пайдасына 130 млн 500 мың теңге өндірілді. Оның сыбайласы да сотталды. Екеуі де жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өтемек. 

Асыланбек Дүйсенғалиев, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

Уксукбаевқа 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасы, ал Нағметовке 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Және мемлекеттік қызметте өмір бойы лауазымдарды атқаруға болмайды.


Хабарламаларға жазылу