ArtSport бағдарламасы бойынша 6 бірдей қылмыстық іс қозғалуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ArtSport бағдарламасы бойынша 6 бірдей қылмыстық іс қозғалуы мүмкін

29.09.2022

ArtSport бағдарламасы бойынша 6 бірдей қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Бұл туралы Алматы қаласының прокурорлары хабарлады.

Ведомства өкілдерінің айтуынша, ArtSport бағдарламасына қатысты тексеріс жүргізіліп, бірнеше миллион қаражат жымқырылғаны анықталған. Бюджет қаржысын ұрлау үшін нақты схема қолданылған. Сондай-ақ спорт секцияларында бұрын сотталған және әртүрлі қылмыс үшін жауапқа тартылған 10-нан астам жаттықтырушы балаларға сабақ беріп келген. Одан бөлек 3 мыңнан астам бала шетелде болса да қағаз жүзінде үйірмелерге тіркелген. 5 мыңына сабақ мүлде өткізілмеген. Кейбір жаттықтырушылармен еңбек шарттары және зейнетақы аударымдары жасалмаған. Сонымен қатар жүйенің жұмысында да біршама олқылықтар бар. Еске саламыз бұған дейін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев 1 қыркүйектен бастап, ArtSport бағдарламасын қаржыландыру тоқтатылатыны туралы айтқан еді.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу