Ресейден тұмауға қарсы 2,3 миллион екпе дозасы сатып алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейден тұмауға қарсы 2,3 миллион екпе дозасы сатып алынды

29.09.2022

Тұмауға қарсы шаралар күшейтілді. Жыл сайын еліміздегі эпидахуал қараша айынан сәуірдің ортасына дейін созылады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері айтты. Былтыр ғана ел бойынша 4 миллионға жуық адам жедел-респираторлық ауруларға шалдыққан. Сырқаттанушылардың 80 пайызы балалар мен жасөспірімдер болса, 900 науқас тұмау жұқтырған. Биыл жұқпалы аурудың үш штаммы өзекті болады. Онымен күресудің бірден-бір жолы вакцина алу. 

Айжан Есмағамбетова, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:
Вакцина қауіпсіз әрі тиімді. Оны 60 жылдан астам уақыт қолданып келеді. Ресейде өндірілген «Гриппол +» вакцинасының 2,3 миллион дозасы сатып алынды. Құрамында алдағы маусымдағы тұмауға қарсы штаммдары бар. Бұл халықтың 12 пайызын қамтуға мүмкіндік береді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы кемінде 10 пайызды ұсынады.

Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу