Украиналықтар Ресейге қосылу туралы референдум өткен аудандардан қашып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украиналықтар Ресейге қосылу туралы референдум өткен аудандардан қашып жатыр

28.09.2022

Тұрғындар кейбір аудандардан кетіп жатыр

Украина тұрғындары Ресейге қосылу туралы референдум өткен аудандардан қашып жатыр. Мұны бүгін «Рейтер» агенттігі хабарлады. Ал, Луганск, Донецк, Запорожье, Херсон облысының Мәскеу тағайындаған әкімшілігінің дерегінше, жергілікті халықтың 87-ден 99 пайызға жуығы - көрші ел құрамына кіруге дауыс берген. Президент Владимир Зеленский болса, бұл референдумдарды - «нәтижесі алдын-ала белгілі болған әзілге» теңеді.

Спикер референдумның сәтті өткенін жариялады

Ресей Мемлекеттік думасы - Украинаның басып алынған аймақтарын құттықтап, референдумдарды «сәтті» өтті деп жариялап, олардың нәтижесіне қатысты пленарлық отырыс қазанның 3-4-і күндері өтетінін хабарлады.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу