Бүгін заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтың туған күні. Жер-жерде оның 125 жылдығына орай мәдени шаралар өтіп жатыр. Семейдегі жиын кемеңгердің ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Зиялы қауым өкілдері мен ғалымдар, әдебиеттанушылардың қатысуымен «Мұхтар Әуезов және ұлт өркениеті» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бірнеше мұражайда көрмелер ұйымдастырылған. Кешке Абай атындағы театрда «Қаракөз» спектаклі сахналанады. Заңғар жазушының өмірі мен шығармашылығын насихаттайтын ауқымды шаралар-- ертең Абай ауданында жалғасады.
Отантай Кәрібжанов, халықаралық «Абай Құнанбаев» қорының президенті:
Мұхтар ағамыз Абай атамызды жер жүзіне танытса, Абай атымыз бүкіл жер жүзі, адамзатқа шамшырақ болып жанып тұр. Мұхтар ағамыздың өмірін, өнерін біз әлі аяғына дейін жеткізіп зерттегеніміз жоқ. Келешек жастардың міндеті деп ойлаймын.
Ержан Жақып