Дүниежүзі қазақтары құрылтайына биыл 30 жыл. Осыған орай елордада кең көлемде мерейтойлық форум ұйымдастырылды. Шараға қоғам және мемлекет қайраткерлері, ғалымдар, депуттатық және дипломатиялық корпус өкілдері, сондай-ақ Әзірбайжан, Германия, Дания, Түркия, Франция елдеріндегі қазақ диаспораларының өкілдері қатысып жатыр. Сондай-ақ форум аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасының қорындағы архив құжаттары мен кітаптарының көрмесі, дәстүрлі қазақ қолөнері мен ұлттық киімдерінің көрме-жәрмеңкесі қойылған.
Ертолқын Қайратұлы, Ыстамбұл қазақ-түрік білім беру және зерттеу қауымдастығының төрағасы:
Бірінші құрылтайдан бастап - дүниежүзі қазақтары қауымдастығының құрылтайларына орай өркениетті қазіргі қазақтың жағдайы, келешегі, болашағы, салт-дәстүрлеріміздің маңызы туралы құрылтайда сөйлеп, тыңдап отырып, өз пікірлерімізді айтамыз. Сол үшін бүгін Ыстамбұлдан таңертең келдік.
Дархан Рахымжан