Украина тұрғындары референдум өткен аудандардан қашып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина тұрғындары референдум өткен аудандардан қашып жатыр

28.09.2022

Украина тұрғындары Ресейге қосылу туралы референдум өткен аудандардан қашып жатыр. Мұны бүгін «Reuters» агенттігі хабарлады. Ал Луганск, Донецк, Запорожье, Херсон облыстарының Мәскеу тағайындаған әкімшілігінің дерегінше, жергілікті халықтың 87-ден 99 пайызға жуығы көрші ел құрамына кіруге дауыс берген. Президент Владимир Зеленский болса бұл референдумдарды «нәтижесі алдын ала белгілі болған әзілге» теңеді.

Ресей Мемлекеттік думасы - Украинаның басып алынған аймақтарын құттықтап, референдумдарды «сәтті» өтті деп жариялап, олардың нәтижесіне қатысты пленарлық отырыс қазанның 3-4-і күндері өтетінін хабарлады.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу