Көші-қон заңнамасын бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көші-қон заңнамасын бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды

28.09.2022

Астанада жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзған 5000-нан астам адам жауапкершілікке тартылды. 867-сі елден шығарылды. Шетелдіктерді шақырған және олардың елде болу ережелерін қамтамасыз етпегені үшін 1 мың адам айыппұл төлеген. Ал қаладағы халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысы күшейді. Қосымша секторлар ашылды. Шетелдіктерді қабылдаушылар 3 ішінде ішкі істер органдарына хабарлауға міндетті. Әйтпегенде әкімшілік жазаға тартылады. 

Арман Баймұхамбет, қалалық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы:

Заңды тұлғалар 10-25 айлық есептік көрсеткіш, қайталаған жағдайда 10 АЕК . 306 мың теңге. Жек тұлғалар ескерту түріндегі жаза, қайталанса 91800 теңге айыппұл көзделген. 

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу