Ресей Грузиямен арадағы шекарасында әскерге шақыру пунктін ашпақ. Бұл елге де Путиннің мобилизациясынан қашқан мыңдаған адам барып жатыр. Сондықтан Грузияға кірер жолда көліктер ұзынсонар кезекте тұр.
Грузияның «Жоғарғы Ларс» өткеліндегі қызметкерлер енді Ресейден келген мобилизация жасындағы азаматтарды керу қайтаруы тиіс. Грузия ішкі істер министрлігінің дерегінше, қазір елге Ресейден күніне 10 мың адам кіріп жатыр. Мобилизацияға дейін олардың саны 5-6 мыңнан аспаған екен.
Арыстан Рысбек