Қытайдан 51 тонна автокөлік бөлшектерін заңсыз әкелмек болғандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдан 51 тонна автокөлік бөлшектерін заңсыз әкелмек болғандар ұсталды

28.09.2022

Қытайдан Қазақстанға декларацияланбаған жүк кіргізбек болған. Шекарашылар «Алтынкөл» пунктінің маңында заң бұзғандардың жолын кесті. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді. Тауардың жалпы құны 51 тонна 826 килограм. Автобөлшектер. Қазіргі таңда тәркіленген жүк Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды. 

Дархан Рахымжан

Хабарламаларға жазылу