Үкімет басшысы Дүниежүзілік мұнай кеңесінің президентімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет басшысы Дүниежүзілік мұнай кеңесінің президентімен кездесті

28.09.2022

Қазақстан көмір станцияларын газға көшіруге және мұнай-газ химиясы мен сутегі энергетикасын дамытуға мүдделі. Үкімет басшысы Әлихан Смайлов Дүниежүзілік мұнай кеңесінің президенті Педро Мираспен кездесуде осылай деді. Қазақстан 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын әзірлеп жатыр. Үкімет басшысы 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында, Алматыда Дүниежүзілік мұнай кеңесінің VII жастар форумы өтетінін айтты. Онда жаһандық энергетикаға көшу, де-карбонизациялау және төмен көміртекті даму мәселелері қаралады. Әлемнің 29 елінен 700-ден аса делегат қатысады. Педро Мирас Қазақстан Үкіметіне аталған іс-шараны өткізуге және жалпы өңірдегі ұйымның жұмысына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу