Бұдан соң Президент өңірге еңбегі сіңген азаматтарды марапаттап, табиғат жанашырларымен бірге Ботаникалық бақта тал егу шарасына қатысты. Іс-шара соңында жастармен тілдескен Қасым-Жомарт Тоқаев, отанды сүю адал еңбектен басталуы керек екенін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Отанды сүю осындай адал еңбектен, пайдалы жұмыстан басталады. Еліміздің әрбір азаматы еңбекқор болуы керек. Баршаңызды қолдаймын, мақтан тұтамын. Өскелең ұрпақ – біздің үмітіміз, еліміздің болашағы. Біз ардагер болып мәңгі билікте отырмаймыз. Менің ең үлкен мақсатым – жастарға жол беру.
Досжан Маратұлы