Колумбияда мыңдаған адам салық реформасына қарсы шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Колумбияда мыңдаған адам салық реформасына қарсы шеруге шықты

27.09.2022

Колумбияда мыңдаған адам шеруге шықты. Президент Густаво Петроның экономикалық және әлеуметтік реформалары, әсіресе салық саясаты олардың көңілінен шықпады. Жаңа бастамаға сай, табысы айына 2259 доллардан асатын азаматтарға салық өсіп, жеңілдіктер жойылады. Бұған қарсы болған 5 мыңдай колумбиялық қала әкімдігінің ғимаратына дейін барып, «салық реформасына жол жоқ» деп ұрандатқан.   

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу