Кубаға «Ян» дауылы соққы берді. Тайфун кезінде желдің жылдамдығы сағатына 155 шақырымға жеткен. Осыған байланысты аралдық мемлекетте төтенше жағдай жарияланды. Жағалау тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір тайфун АҚШ-тың Флорида штатына ойысып барады. Жергілікті билік мұнда да төтенше жағдай жариялап, дауылмен күреске ұлттық гвардияның 5 мыңдай сарбазын дайындады.
Ал Филиппинге соққы берген Нору дауылынан 6 адам қайтыс болды. Олардың көбі – құтқарушылар. Толассыз жауын жауып, су тасқыны жүрді. Гарланг елдімекені түгелдей су астында қалған. Тұрғындардың сөзінше, мұнда ахуал өте күрделі. Жалпы су тасқынынан 84 ауыл зардап шеккен. 79 мыңдай адам қауіпсіз жерге көшірілді. Сонымен бірге 16 мың гектардан астам егіс алқабына зақым келді.
Арай Төлегенқызы