Шымкентте депозиттен 445 мың доллар ұрлаған банк басшысы 8 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте депозиттен 445 мың доллар ұрлаған банк басшысы 8 жылға сотталды

27.09.2022

Шымкент қаласында «Цеснабанктің» өзі басқарып отырған филиалынан қомақты ақша ұрлаған Нұржан Көлбаев темір торға тоғытылды. Ол 2017 жылы қызмет бабын пайдаланып, депозиттегі ақшадан 445 мың доллар алып, қашып кеткен болатын. Банктің алаяқ басшысына халықаралық іздеу жарияланып, көп ұзамай қолға түседі. Алайда осы іске байланысты іс қараған алғашқы сот отырысында судья оны ақтап шығарған. Алайда аппелляциялық сот директордың кінәлі екенін дәлелдеп 8 жылға бас бостандығынан айырды. Ал оның сыбайласы 7 жылға сотты болды.  

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу