Мемлекет басшысы Ижевсктегі оқиғаға байланысты Ресей Президентіне көңіл айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Ижевсктегі оқиғаға байланысты Ресей Президентіне көңіл айтты

27.09.2022

Мемлекет басшысы Ижевск қаласындағы мектепте болған қайғылы жағдайға байланысты Ресей Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде нөмірі 88-ші мектепке жасалған қарулы шабуыл салдарынан азаматтардың, соның ішінде балалардың қаза табуы туралы қайғылы хабарды ауыр күйзеліспен қабылдадым деп айтқан. «Сондай-ақ қайтыс болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – деп жазылған жеделхатта. 

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу