Душанбе мен Бішкек шекарадағы әскери қақтығысты тоқтатуға келісті. Тиісті хаттамаға Тәжікстан қорғаныс министрі Саймумин Ятимов пен оның қырғызстандық әріптесі Қамшыбек Ташиев «Қызыл бел» бақылау-өткізу пунктінде қол қойды. Олар «Келіссөз жүргізіп, енді арамызда жанжал болмауы керек деген ұйғарымға келдік»,- дейді. Екі мемлекет әскері осы айдың ортасында қақтығысып, ондаған адам қаза тапқан. Тәжікстан-Қырғызстан шекарасының ұзындығы - 980 шақырымға жуық. Оның жартысы әлі күнге дейін келісіліп, белгіленбеген.