Қайрат Сатыбалдыұлының сыбайласына іздеу жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайрат Сатыбалдыұлының сыбайласына іздеу жарияланды

26.09.2022

Қайрат Сатыбалдыұлының сыбайласы Эфенди Кемальға іздеу жарияланды.

Ол бірқатар коммерциялық кәсіпорындардың құрылтайшысы және директоры болған. Сондай-ақ, кеден саласындағы мәселелерді шешу, қылмыстық жолмен алынған ақшаны және басқа да мүлікті заңдастырумен айналысқан. Тіпті, Қайрат Сатыбалдыұлы оған шоттан ақша алуға сенімхат берген.

 2018 жылдың шілдесі мен тамыз айының үш күнінде Сатыбалдыұлының жеке шотынан қолма-қол 37 миллиард және 62 миллилион теңге шешкен. Эфенди ақпан айынан бастап Қазақстаннан тыс жерлерде жасырынып, қылмыстық қудалау органына келуден жалтарып жүр. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. 

Хабарламаларға жазылу