Ресейдегі ахуалдың салқындығын тек Қазақстан ғана сезініп отырған жоқ - сарапшылар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдегі ахуалдың салқындығын тек Қазақстан ғана сезініп отырған жоқ - сарапшылар

24.09.2022

Ресейдегі ахуалдың салқындығын тек Қазақстан ғана сезініп отырған жоқ. Қазір әлем елдері, оның ішінде Еуропа көрші мемлекетпен саяси-экономикалық келісімдер мен қатынастарды үзді. Мұның кері әсері өлшеуісіз. Сарапшылар қазіргі жағдай Ресеймен тығыз сауда қарым-қатынасын құрған Қазақстан үшін сынақ кезеңі дейді.

Бауыржан Серікбаев, Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы:
Бүкіл әлемге әсер етіп жатыр. Экономиканың бір-бірімен байланған XXI ғасырда барлығы санкцияның салдарын  салқын сезініп жатыр. «Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып», Қазақстан халқы бірігіп, мемлекеттік тұрғысынан ойлауымыз қажет. 

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу