Сарапшылар: Қазақстанға атом электр станциясы қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшылар: Қазақстанға атом электр станциясы қажет

24.09.2022

Қазақстанға атом электр станциясы қажет. Отандық мамандар мен халықаралық сарапшылар осылай дейді.

Өйткені алдағы 10 жылда елімізде электр энергиясы тапшылығы туындауы мүмкін. Энергияның бұл түріне деген сұраныс жыл сайын 7-8 пайызға артып, жетіспеушілік байқалуда. Осы тұста профессор, ғалымдар мен аталған сала мамандары елімізде қауіпсіз 3-ші деңгейдегі реакторларды салуды ұсынып отыр. Бүгінгі таңда атом электр станцияларын әлемнің 32 елі пайдаланады.

Ал Беларусь, Біріккен Араб Әмірліктері, Бангладеш және Түркия өздерінің алғаш станцияларын салып жатыр. «Біз де 2035 жылға дейін осы мемлекеттердің қатарына қосылуымыз керек, сонда ғана энергетикалық қауіпсіздікті қаматамасыз ете аламыз», - дейді мамандар.

Амалбек Өміртай, сарапшы, халықаралық зерттеуші:
Америкада болды ең алғаш 70 жылдары, Кеңес үкіметі кезіндегі Чернобльдегі - мұның бәрі техногендік апаттар. Ал, қазіргі таңдағы 3 плюс деп атаймыз, үшінші деңгейлі реакторлар, бұл қауіпсіздік деңгейі өте жоғары, барлық талаптарға сай. Қазіргі таңда АЭС-тердің апатқа ұшырау минималды, нөлге теңестірілген деңгейде. Әрине, халық арасында сөз болады, ол біздің санамызға сіңген нәрсе. Ондай пікірдің болуы да орынды. Бірақ ғылымның жетістігін мойындауымыз керек.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу