«Ұлы дала жорығы»: Шабандоздар 500 шақырымды артқа қалдырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ұлы дала жорығы»: Шабандоздар 500 шақырымды артқа қалдырды

23.09.2022

«Ұлы дала жорығы» марафонының бесінші күні қорытындыланды. Бұл кезеңде шабандоздар 500 шақырымдық межені аяқтап, Ұлытау облысы Жошы хан кесенесінің басына аялдады. Марафон-бәйгенің бесінші күнінің қорытындысы бойынша алғашқы үздік үштіктің қатарында Ақтөбе командасы 43 сағат 46 минутта белгіленген межені жүріп өтсе, Шымкент қаласының шабандоздары 44 сағат 25 минутта мәреге екінші болып жетті. Ал Маңғыстау облысының командасы 44 сағат 39 минутта үшінші орын болып келді. Ереже бойынша шабандоздар алдағы 600 шақырымдық межені қорытындылаған соң тұлпарларын ауыстырады. 

Хабарламаларға жазылу