Қаңтар оқиғасы: 1520 азамат рақымшылыққа ілінуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаңтар оқиғасы: 1520 азамат рақымшылыққа ілінуі мүмкін

23.09.2022

Бас прокуратура «Қаңтар» оқиғасына қатысқандарға кешірім беру бойынша құжатты қоғамдық талқылауға ұсынды. Ондағы деректерге сәйкес амнистияға 1520 азамат ілінуі мүмкін. Қазір 391 іс бойынша 383 күдікті сотқа дейінгі тергеуде. Ал 102 адамның ісі сотта қаралып жатыр. Алайда Бас прокуратура отанға опасыздық жасау, тәртіпсіздікті ұйымдасу, жемқорлық, террористік, экстремистік қылмыстармен, азаптаумен байланысты сотталғандарға кешірім берілмейтінін ескертеді.

Хабарламаларға жазылу