Астанада жел электр станциясы салынбақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жел электр станциясы салынбақ

23.09.2022

Астанада жел электр станциясы салынбақ. Қала әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, оны италиялық компания 50 миллиард теңге көлеміндегі инвестицияға салмақ. Ал станцияның қуаты бірінші кезеңде 50 мВт болады. Кейін оны 100 мВт-тан асыру көзделген. Жаңартылатын энергия көздері саласындағы бұл жоба тапшылықты жоюға мүмкіндік береді. Осы арқылы құрылысы жүріп жатқан болашақ аудандар электр қуатымен қамтамасыз етіледі, дейді Көлгінов. Президент тапсырмасына сәйкес, жасыл энергетиканың үлесін 2030 жылға қарай 15 процентке жеткізу міндеті тұр. 

Хабарламаларға жазылу