Көрші өзбектермен тауар айналым 103 пайызға жеткен. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жаналинов Түркістан облысының тұрғындарымен кездесуінде айтты. Сондай-ақ жиында кеден бекеттерінен тауар алып өту тәртібі мен көліктерді рәсімдеуге қатысты сауалдарға жауап берді. Әсіресе Әзербайжан мен Грузия елдерінен тасымалданып жатқан көліктерді рәсімдеу тәртібін түсіндірді. Мәселен жыл басынан бері Грузиядан 179, Әзербайжаннан 3200 көлік тасымалданған.
Данияр Жаналинов, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы:
Біздің елге кіргізілген көліктер Ішкі істер министрлігінің талаптарына сай болса ғана рәсімделеді. Тиісті кедендік рәсімдеуден өтіп, тиісті салықтар мен БАЖ-дары төленгеннен кейін сонымен қатар криминалдық аясында көрсетілген көліктер ондай заңды механизмге жатрпайды. Оң жақты руль дейді ғой, сондай автоқұралдар заңды заңдастыруға жатпайтын көліктер болады.